Құқық бұзушылықтың алдын алу - көпке ортақ мәселе

Құқық бұзушылықтың алдын алу - көпке ортақ мәселе

Құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесін дамытудың басым бағыттарының бірі аумақтарды патрульдеу және қоғамдық тәртіпті сақтауға азаматтар мен қоғамдық ұйымдарды белсенді тарту болып табылады.
Халық тарапынан қолдау - құқық қорғау органдарының құқық бұзушылықтың алдын алу және жолып кесу, криминогендік факторларды анықтау немесе бейтараптандыру, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі тиімді қызметтің басты шарттарының бірі.
Осы орайда бүгін Ырғыз ауданы әкімінің орынбасары, аудандық құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы төрағасының орынбасары А.Байдаулетовте аудандық құқық қорғау органдары қызметкерлерімен өткен отырыста Ырғыз ауданындағы мекеме-кәсіпорындардың жұмысшы-қызметкерлерін құқық бұзушылықтың профилактикасы аясында өткізілетін рейдтік іс-шараларға тарту мәселелері қаралды.