Тағайындау

Тағайындау

2021 жылдың 19 қыркүйек күні Ырғыз ауданына қарасты Құмтоғай ауылдық округінде әкім сайлауы өткен болатын. Аумақтық сайлау комиссиясының шешімімен, аудан әкімінің 2021 жылғы 20 қыркүйектегі №312-ө өкімімен Құмтоғай ауылдық округінің әкімі болып ЖҰБАНАЗАРОВ НҮРКЕН НҰРТАЙҰЛЫ тағайындалды. Аудан әкімі Ә.Әуелбаев округ тұрғындарына жаңа сайланған округ әкімін таныстырды.

Жұбаназаров Нүркен Нұртайұлы 1987 жылы 12 сәуірде Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы, Ырғыз ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. 2008 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Ақпараттық жүйелер» мамандығы және 2016 жылы С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университетін «Экономика» мамандықтары бойынша бітіріп шыққан.