2021 жылғы 7 қыркүйекте аудан активі өткізілді

2021 жылғы 7 қыркүйекте аудан активі өткізілді

2021 жылғы 7 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған аудан активі өткізілді.
Актив жиынына ауылдық округ әкімдері, аудандық мәслихат депутаттары, мекеме-кәсіпорын басшылары, еңбек ардагерлері, жастар өкілдері қатысты.
Аудан әкімі Әділкерей Әуелбаев жиынды ашып, Президент Жолдауының маңызына тоқталды.
Еңбек ардагері Рахымжан Өтеміс қоғамдағы бірлік пен келісім, пікір алуандығы тақырыбында ой қозғаса, аудандық аурухананың дәрігері, жас маман Тұрсын Нүркенқызы қазіргі індет қаупі мен атарылып отырған жұмыстар жөніндегі пікірлерімен бөлісті.
Жолдауда көрсетілген қолжетімді әрі сапалы білім беру мәселелері бойынша Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін орта мектеп директорының бейіндік істер жөніндегі орынбасары Гүлнара Елеусізова, ауыл шаруашылығының әлеуеті мен агроөнеркәсіп кешені саласындағы мәселелер туралы ауыл шаруашылығы саласының ардагері Әлібек Сарин сөз сөйледі.
Аудандық мәслихат депутаты Назгүл Байжиенова саяси жаңғыру және адам құқығын қорғау бағытында пікір білдіріп, аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Гүлнар Жансүгірова Жолдауда көрсетілген міндеттер мен оларды аудан деңгейінде іске асыру шаралары жөнінде баяндады.
Жиынды қорытындылаған аудан әкімі Әділкерей Әуелбаев Президент Жолдауында қойылған еліміз үшін аса маңызды мәселелерге шолу жасап, көпшілікті осы маңызды міндеттерді сапалы орындауға шақырды.