Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы №400-VI ҚРЗ жаңа Экологиялық кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 418-бабының 3 тармақшасына сәйкес – «2021 жылғы 1 шілдеге дейін пайдалануға берілген обьектілердің немесе 2021 жылғы 1 шілдеге дейін ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындылары берілген, 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес арнайы табиғат пайдалану субьектілері болып танылған, пайдалануға берілмеген обьектілердің операторлары тиісті обьектілерді осы Кодекстің ережелеріне сәйкес I, II, III және IV санаттарға жатқызу мақсатында 2021 жылғы 1 тамыздан кешіктірмей қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға өтініш беруге міндетті.
Қазақстан Республикасының Экология, Геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 13 шілдедегі №246 бұйрығымен бекітілген қоршаған ортаға теріс әсер ететін обьектінің санатын айқындау жөніндегі нұсқаулық ағымдағы жылдың 10 тамызынан бастап заңды күшіне енді.
Осыған байланысты, обьектілердің санатын анықтауға өтініш беру мерзімі ағымдағы жылдың 10 қыркүйегіне дейін ұзартылды.