Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті

Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті

Ағымдағы жылдың 9 қыркүйегінде Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті.
Күн тәртібінде аудан бойынша жер беру, олардың тиімді пайдаланылуы және жер учаскелерін сату, білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылы мен күзгі-қысқы кезеңге дайындығы туралы мәселелер қаралды.
Сонымен қатар 2021 жылдың 8 ақпанында Қоғамдық кеңес отырысында көтерілген Ырғыз ауылындағы жаяу жүргіншілер жолдарын сапалы аяқтау және «Зерде үйінің» қазіргі жай-күйі жайлы мәселелердің орындалу барысы тыңдалды. Кеңестің құрғақшылыққа байланысты мал азығын дайындау барысына байланысты аудан әкіміне берген ұсынысының орындалуы да назарға алынды.
Жауапты басшылардың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша атқарылып отырған жұмыстар жөніндегі баяндамаларын тыңдаған Кеңес төрағасы Айтбай Бейсенбайұлы мен кеңес мүшелері өзекті мәселелер бойынша ұсыныс-пікірлерін білдірді.