Аудан әкімі Әділкерей Әуелбаев Құмтоғай ауылдық округіне жұмыс сапарымен барды

Аудан әкімі Әділкерей Әуелбаев Құмтоғай ауылдық округіне жұмыс сапарымен барды

Қазіргі күн тәртібінде тұрған маңызы мәселе – қысқы кезеңге мал азығын дайындау. Биылғы қуаңшылық жағдайы қысқа жем-шөпті жеткілікті мөлшерде дайындауды қажет етеді. Бұл тұрғыда Құмтоғайда қарқынды жұмыстар атқарылуда. Бұған «Қуан» және «Димаш» шаруа қожалықтарындағы жұмыстар айғақ бола алады.
Бүгінде баршаны алаңдатып отырған індет қаупінің алдын алудың сенімді жолы - вакцина алу. Құмтоғай ауылдық округінде бұл бағыттағы түсіндіру жұмыстары әлі де жеткіліксіз. Әсіресе, мониторингтік топтардың жұмысын жандандыру қажет.
Ауыл тұрғындарын толғандыратын мәселенің бірі - азық-түлік бағасының көтерілуі. Әділкерей Сағидуллаұлы осы және өзге де мәселелерді талқылап, жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берді.
Қарақұдық елді мекенінде ауыз су мәселесі қозғалды. Аталған мәселе аудан әкімдігінің назарында тұр және оны шешудің жолдары қарастырылуда.
Сапар барысында аудан басшысы жеке сұрақтарымен келген тұрғындарды қабылдап, көтерген сауалдарына тиісті заңнама аясында жауабы берілді.