Мониторингтік жұмыс топтарының отырысы

Мониторингтік жұмыс топтарының отырысы

3 тамыз күні Ырғыз ауданының әкімі Ә.Әуелбаевтың төрағалығымен мониторингтік жұмыс топтарының отырысы өткізілді. Шара аясында Ырғыз аудандық санитариялық- эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Жолдыбай Талғат Сабитұлы Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қолданыстағы қаулыларымен, "Шектеу шараларын, оның ішінде карантинді сақтау жөніндегі талаптардың бұзылуы анықталған кезде әкімшілік сипаттағы шараларды қолдану бойынша лауазымды адамдардың іс-қимыл алгоритмі" талаптары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Аудан басшысы мониторингтік топ жетекшілері мен мүшелеріне жұмысты жандандыру бойынша тапсырмалар берді.