Аудан әкімінің жұмыс сапары

Аудан әкімінің жұмыс сапары

Аудан әкімінің ауылдық округтерге сапары кеше Нұра ауылдық округінде жалғасты. Әділкерей Сағидуллаұлы әуелі Нұра ауылындағы «Наурыз-СИМ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің балық цехын аралап көрді. Ауданда балық шаруашылығын дамытуда дайындау-өңдеу орындарын ашудың маңызы зор. Сондықтан бұл бағыттағы мәселелер шешімін табатын болады.
Бұдан кейін Т.Жүргенов атындағы орта мектеп пен Нұра ауылдық отбасылық дәрігерлік амбулаториясында болған аудан басшысы күзгі-қысқы жылыту кезеңіне дайындық барысын қарап, барлық әзірлік жұмыстарын мерзімінде аяқтау жөнінде тапсырма берді. Сонымен қатар тұрғындардың індетке қарсы вакцина алуы үшін түсінік жұмыстарын кең көлемде жүргізу қажеттігі айтылды.
«Бер-Шат» шаруа қожалығы бие байлап, қымыз сауумен айналысады. Осында әзірленген қымыз көпшілікке жақсы сапамен танылып жүр. Бүгінде шаруашылық қысқы мал азығын дайындауда белсенді әрекет жасап, қарқынды жұмыс жүргізуде. Қымыз өндіруде атқарылып жатқан жұмыстарды оң бағалаған аудан әкімі бұл істерді кеңейтіп, одан әрі дамыту жөніндегі ойларымен бөлісті.