Тәуіп ауылдық округінің әкімі сайланды

Тәуіп ауылдық округінің әкімі сайланды

27 шілдеде аудан әкімі Әділкерей Әуелбаев жұмыс сапарымен Тәуіп ауылдық округінде болды.
Аудан басшысы Тілеужанов Камал Сәбитбекұлын алғаш рет ұйымдастырылған округ әкімінің сайлауында басым дауыспен жеңіске жетуімен құттықтап, қызметіне сәттілік тіледі және алдағы тұрған міндеттерге тоқталды.
Бұдан кейін аудан әкімі тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдады. Құйлыс орта мектебінде, «Балбөбек» бөбекжай-бақшасында, ауылдық клуб пен дәрігерлік амбулаторияда болып, күзгі-қысқы жылыту кезеңіне дайындық барысын пысықтаған Әділкерей Сағидуллаұлы округ әкімі мен жауапты басшыларға аталған мәселеге жауапкершілікпен қарауды тапсырды. Әрбір нысан бойынша өзекті мәселелер назарға алынып, шешілу жолдары қарастырылатын болады.
Ауыл тұрғындарымен және жауапты қызметкерлерімен кездесулер барысында аудан басшысы қазіргі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға баса назар аударып, вакцина алуға шақырды. Сонымен қатар ауыз су мәселесі, мал азығын дайындау, басқа да өзекті жайттар қозғалды.