Ақтөбеде «Ashyq» пилоттық жобасын жүзеге асыру басталды

Ақтөбеде «Ashyq» пилоттық жобасын жүзеге асыру басталды

ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің «Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларындағы, Қарағанды және Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Алматы облыстары, кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» мобильді қосымшасын енгізу бойынша пилотты өткізу туралы» қаулысы шеңберінде «Ashyq» пилоттық жобасын іске асыру басталды. Бұл жоба кәсіпкерлік нысандарын: фитнес-клубтарды, спа-орталықтарды, сауналарды, бассейндерді, компьютерлік клубтар мен боулинг-клубтарды толық жабудың баламасы ретінде және олардың жұмыстарына шектеулерді ішінара алып тастау үшін іске қосылды. Осыған байланысты, «Ashyq» пилоттық жобасының қатысушылары болып табылатын компьютерлік клубтар мен боулинг-орталықтар өз қызметін қайта бастауға, ал басқа кәсіпкерлік объектілері әлеуметтік — экономикалық объектілердің жұмысын шектеу критерийлеріне сәйкес шектеулерді алып тастауға мүмкіндік алды (егер өңір «қызыл аймақта» болса, «сары аймаққа» сәйкес жұмысты шектеу критерийлері қолданылады; егер өңір «сары аймақта» болса, «жасыл аймаққа» сәйкес жұмысты шектеу критерийлері қолданылады). «Ashyq» мобильді қосымшасы QR-кодты пайдалану және ПТР ортақ базасымен интеграциялау есебінен келушінің мәртебесін: вирустың тасымалдаушысы болып табылатындығын немесе табылмайтынын анықтауға мүмкіндік береді. Бизнес субъектісі — жобаға қатысушы қабылданып жатқан санитариялық шараларға қосымша бақылауды қамтамасыз етеді. Жобаның тағы бір артықшылығы-келушілер мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өйткені барлық азаматтар қоғамдық орындарда өзін-өзі оқшаулау режимін сақтамайды және осылайша вирустың таралу қаупін тудырады.

Дереккөз – Ақтөбе облысының әкімдігі