2021 жылдың 2 маусым күні «Nur Otan» партиясы Ырғыз аудандық филиалының Саяси кеңес Бюросының отырысы өтті.
Күн тәртібінде: 2025 жылғы дейінгі «Жастар- Отанға!» бағдарламасын іске асыру бойынша Жол картасын бекіту мәселесі қаралды. Бюроны аудан әкімі, аудандық филиал төрағасы Әуелбаев Әділкерей Сағидулаұлы ашып, жүргізді. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Тұрымов Марат Орынжайұлы хабарлама жасап, жол картасындағы атқарылатын іс шаралар мен қол жеткізілетін көрсеткіштер туралы баяндады. Бюро мүшелері ұсыныс-пікірлерін қосып, жол картасын бір ауыздан бекітті. Бюро отырысы онлайн форматта «ZOOM» платформасы арқылы өткізілді.