Ұлы Жеңіс күнімен!

Ұлы Жеңіс күнімен!

Қымбатты жерлестер!
Қадірлі тыл ардагерлері!
Сіздерді 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – аға ұрпақтың ерлігін мәңгілікке ел жадында сақтауға арналған ең қастерлі мереке.
Тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы аға буынның жанқияр ерлігі мен еселі еңбегінің жеңісі.
Сұрапыл соғыс ырғыздық әр отбасында да айықпас із қалдырды. Ауданымыздан үш жарым мыңға жуық азамат өмірлерін қатерге тігіп, Отан үшін шайқасса олардың мың бес жүзден астамы майдан даласынан оралмады. Елге аман қайтқандары кейінгіге ерлік пен елдік дәстүрін жеткізе білді. Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында бұл күнге жете алмаған жерлестеріміздің рухтарына бас иіп, тағзым етеміз.
Жастайынан сұм соғыстың қасіретін шеккен майдангер жесірлері мен бала болса да бар қиындықты үлкендермен тең көтерген тыл ардагерлері де зор құрметке лайық. Сондықтан да біз ол кісілерге жан-жақты әлеуметтік қолдау көрсету үшін барлық мүмкіндіктерді жасай береміз.
Қадірлі ырғыздықтар!
Аға буынның ерлігін тағы бір мәрте ұғындыратын мереке сәтінде баршаңыздың дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, бақ пен береке тілеймін!

Ырғыз ауданының әкімі Ә.Әуелбаев