Құрметті аудан тұрғындары!

Құрметті аудан тұрғындары!

Ақтөбе облысындағы эпидемиологиялық ахуалдың күрделі екені өздеріңізге мәлім.
Ырғыз ауданында да жағдай алаңдатарлықтай болып отыр. Жыл басынан бері ауданда 12 пневмония ауруы, 12 коронавирусты инфекцияның оң мәнді жағдайы тіркелді. Үй карантинінде 81 тұрғын бақылануда.
Осыған орай вакциналау - бұл әлемде болып жатқан пандемиямен күресудің ең сенімді тәсілі екенін ұмытпаған жөн. Кез келген инфекциялық аурудың алдын алудың арнайы жолы - вакцинация. Ауданда жаппай екпе жұмыстары басталып, бүгінгі күні 890 адам бірінші компонетін, 280 адам екінші компонентін алды. Дегенмен, бұл індеттің бетін қайтару үшін жеткіліксіз. Тұрғындардың басым бөлігі екпе алғанда да ғана қауіпті сейілтуге болады.

Құрметті ырғыздықтар!

Баршаңызды денсаулық - ең басты байлық екенін ұмытпай, сақтық шараларын қатаң сақтауға, сонымен қатар өз денсаулығыңызға жауапкершілікпен қарап COVID-19-ға қарсы вакцина алуға шақырамыз.
Қазақстанда қолданылатын вакциналар қауіпсіздігі мен тиімділігіне тексерілген, сондықтан олар коронавирустық инфекцияға қарсы дәлелденген құрал болып табылады.
Осы орайда тұрғындардың коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина алуларына кеңінен мүмкіндік жасау мақсатында 2021 жылғы 1-3 мамыр аралығындағы мереке және демалыс күндері сағат 9.00-ден 12.00-ге және 14.00-ден 17.00-ге дейін аудандық емханада вакцина алуға болатынын хабарлаймыз.