Газдандыру және сумен жабдықтау

Газдандыру және сумен жабдықтау

Биыл Қызылжар ауылдық округінің Құрылыс және Шеңбертал ауылдары табиғи газ отынымен, Шеңбертал мен Жаныс би елді мекендерінің тұрғындары ауыз сумен қамтылмақ.
Осы орайда жақында Ақтөбе облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Ержан Мұздыбаев, Ырғыз ауданы әкімінің орынбасары Аслан Байдаулетов және бірқатар жауапты мамандар ауылдық округте болып, атқарылып жатқан жұмыстарының барысымен танысты.
Құрылыс және Шеңбертал ауылішілік газ құбырларының құрылыс-монтаж жұмыстары және екі елді мекенге тартылып жатқан тораптық ауыз су құбырының құрылысы мерзімінде аяқталуы тиіс. Барлық құрылыс жұмыстарының сапалы жүргізілуі қатаң бақылауда болады.