Мемлекеттік органға өтінішті қалай жіберуге болады?

Мемлекеттік органға өтінішті қалай жіберуге болады?

Сіздердің көпшілігіңіз электрондық өтініш беру қызметін білесіз және жиі қолданасыз, оның көмегімен сіз мемлекеттік органға өтініш, шағым, сұрау, пікір немесе ұсыныс жібере аласыз. Қызмет eGov.kz порталының басты бетінде орналасқан, оны жіберу үшін нысанды толтырып, қосымшаларды қоса тіркеңіз және ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.

Электрондық өтініштер арқылы сіз сондай-ақ жәрдемақы, зейнеткерлік төлемдер, жүктілік пен босануға байланысты кіріс жоғалтқаны үшін әлеуметтік төлемдер және басқа да қызметтерге жүгіне аласыз.