Мониторингтік топтар жұмысы

Мониторингтік топтар жұмысы

Індет қаупін Ақтөбе облысының барлық аймақтары сезініп отыр. Осыған орай аудан әкімдігі жанындағы мониторингтік топтар коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатындағы жұмыстарды жалғастыруда. Топ мүшелері кәсіпкерлік нысандардағы сақтық шараларының орындалуын тұрақты бақылауда ұстап, талаптардың сақталуы бойынша іс-шаралар өткізіп келеді.
Аудан әкімдігі тұрғындарды бетперде кию, қолды жиі жуу, антисептиктерді пайдалану және әлеуметтік қашықтықты сақтау талаптарын сақтауға шақырады.
Сонымен қатар, түрлі мерекелік іс-шараларды, үйлену тойлары мен отбасылық іс-шараларды және т.б. өткізуге тыйым салынғанын еске сала отырып, тұрғындардың қаулы талаптарын орындамауы тиісінше жауапкершілікке соқтыратынын ұмытпауды сұраймыз.