Әкімдіктегі мәжіліс

Әкімдіктегі мәжіліс

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында шектеу шараларын сақтай отырып мекеме-кәсіпорын, ұйым басшыларымен жиналыс болып өтті. Жиында аудан әкімінің орынбасары Серік Қонақбаев әр адамның денсаулығы маңызды екенін атап өтіп, басшыларды ұжымдарда қазіргі таңдағы індет қаупіне байланысты шектеулерді қатаң сақтауға және осы бағытта жұмысшы-қызметкерлер арасында түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізуге шақырды. Сонымен қатар, мекемелердің ғимараттары мен айналаларының тазалығын қамтамасыз ету, ауыл тазалығына үлес қосу мәселелері қозғалды.