Шеңбертал ауылында

Шеңбертал ауылында

Жақында зейнеткер Аманғос Ізашұлы аудан әкімінің қабылдауында болып, Шеңбертал ауылындағы тұрғындардың жаңадан салған үйлеріне электр қуатын және газ құбырын тарту мәселесін көтерген болатын. Аудан басшысының тапсырмасы бойынша бүгін аудан әкімінің орынбасары Аслан Байдаулетов Қызылжар ауылдық округінің әкімі Марс Сейілханов және «Энергосистема» ЖШС Ырғыз аудандық бөлімшесінің жауапты қызметкерлерімен Шеңбертал ауылына барып, мән-жайды зерделеді.
Нәтижесінде Бейбітшілік көшесінде жаңадан салынған үйлерге газ құбырын жүргізу үшін облыстық тапсырыс беруші мердігер ұйымдарға жобаны қайта қарау жөнінде мәселе қойылатын болды. Осы көше бойында орналасқан үйлерге электр желісін тарту мәселесі бойынша округ әкіміне жобалық сметалық құжаттама дайындап бітіру тапсырылды. Аталған мәселелер жыл соңына дейін шешімін табуы тиіс.
Сапар барысында Аслан Валерикұлы Шеңбертал ауылындағы жұмыстары басталған ауылішілік газ құбырының құрылысымен танысты.