Коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші дозасын егу басталды

Коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші дозасын егу басталды

Үстіміздегі жылдың 6 сәуірінен бастап ауданымызда коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші дозасын егу басталды. Аудандық аурухананың бас дәрігерінің міндетін атқарушы Е.Домақов, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Т.Жолдыбай "Спутник-V" екпесінің екінші компонентін алды. Екпе алғандардың ешқайсысынан вакцинаның теріс әсерлері тіркелмеді.
Вакцинаның коронавирусқа қарсы қорғаныш әсері, яғни антидене бірінші дозадан 12-14 күн өткен соң пайда болады. Толыққанды иммунитет қалыптастыру үшін вакцинаның екі дозасын алу керек. Бірінші және екінші дозаның аралығы 21 күн. Екпе егілген адамдар профилактикалық шараларды сақтауы қажет!

Аудан тұрғындарын өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарап, індетке қарсы вакцинаны алуға шақырамыз.