Қалыбай ауылында

Қалыбай ауылында

5 сәуір күні Ырғыз ауданы әкімінің орынбасары - Ырғыз ауылдық округі әкімінің уақытша міндетін атқарушы Серік Қонақбаев Қалыбай ауылындағы мекемелердің жұмысымен танысып, көктемгі ағаш егу, санитарлық тазалық мәселелері бойынша тиісті тапсырмалар берді. Сонымен қатар, Қалыбай елді мекені тұрғындарының жер учаскесін сұраған өтініштері бойынша заңнама шеңберінде түсіндірме беріп, елді мекен аумағында тазалық сақтауға шақырды.