6 сәуір күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Әділкерей Әуелбаевтың төрағалығымен аудандық құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Күн тəртібінде Ырғыз ауылдық округі бойынша қылмыс пен құқық бұзушылықты болдырмауда атқарылған шаралар және бөтеннің мүлкін ұрлаудың алдын алу туралы мәселелер қаралып, сын-ескертпелер айтылды. Қазіргі таңда ауданда бөтеннің мүлкін ұрлау, оның ішінде әсіресе мал ұрлығы өзекті болып отыр. Аталған қылмыстың алдын алуда бірінші кезекте ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру және бағу мәселелерін шешу қажет. Осыған орай аудан əкімі ауылдық округ әкімдері мен осы салаға жауапты басшыларға көрсетілген бағыттағы жұмыстарды жедел әрі тиімділікпен ұйымдастыруды тапсырды.