Мониторингтік топтар жұмысы

Мониторингтік топтар жұмысы

Ақтөбе облысының «қызыл» аймақта болуы індет қаупін күшейтіп отыр. Осыған орай коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында аудан әкімдігі жанындағы мониторингтік топтардың жұмысы жалғасуда. Топ мүшелері кәсіпкерлік нысандардағы сақтық шараларының орындалуын тұрақты бақылауда ұстап, талаптардың сақталуы бойынша іс-шаралар өткізіп келеді.
Аудан әкімдігі тұрғындарды бетперде кию, қолды жиі жуу, антисептиктерді пайдалану және әлеуметтік қашықтықты сақтау талаптарын сақтауға шақырады.
Сонымен қатар, түрлі мерекелік іс-шараларды, үйлену тойлары мен отбасылық іс-шараларды және т.б. өткізуге тыйым салынғанын еске сала отырып, тұрғындардың қаулы талаптарын орындамауы тиісінше жауапкершілікке соқтыратынын ұмытпауды сұраймыз.