Аудан әкімі аудандағы ветеринария саласының қызметкерлерімен кездесті

Аудан әкімі аудандағы ветеринария саласының қызметкерлерімен кездесті

Аудан әкімі «Адалдық алаңы» кеңсесінде аудандағы ветеринария саласының қызметкерлерімен кездесті. Жиналысқа барлық ауылдық округтерден мал дәрігерлері, округ әкімдері қатысты. Аудан бойынша эпизотиялық жағдай тұрақты, 35 мал дәрігері жұмыс жасайды. Жалпы ауданда мүйізді ірі қара – 38 000 бас, қой ешкі – 100 000 бас, түйе – 1033 бас, жылқы - 15 000 бас мал бар. Жиналыста Әділкерей Әуелбаев аудандағы эпизотиялық жағдайды тұрақты ұстап, мал дәрігерлерін жеке жауапкершілікте болуын тапсырды. Сонымен бірге меншік түріне қарамай барлық төрт түлік малды бірдейлендіру, электронды базаға енгізуді қатаң бақылауда ұстауды сөз етті.