Аудан әкімі тұрғындарды қабылдады

Аудан әкімі тұрғындарды қабылдады

"Адалдық алаңы" кеңсесінде аудан әкімі Әділкерей Әуелбаевтың аудан тұрғындарын кезекті қабылдауы өтті. Жеке сұрақтарымен келген тұрғындар аудан басшысынан баласын жұмысқа орналастыруды, жеке кәсіпкер жер учаскесіне байланысты мәселені көтерді. Тұрғындардың айтқан өтініштерін тыңдаған аудан басшысы барлық сұрақтар заң аясында шешілетінін түсіндіріп, шешілу жолдарын қарастыруды тиісті сала басшыларына тапсырды. Тұрғындарды толғандырған сұрақтар аудан басшысының бақылауында болады.