Қазақстандықтар 423 миллиард теңгеден астам қаржыны тұрғын үй жағдайларын жақсартуға пайдалана алады. 2021 жылдың 15 ақпанындағы жағдай бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына уәкілетті операторлардан мерзімінен бұрын төлемдерді жүзеге асыруға мақсатты пайдалану үшін 127 357 салымшының өтініші келіп түсті. 78 074 өтініш орындалды және салымшылар уәкілетті операторларда ашылған өздерінің арнайы шоттарына біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) түрінде шамамен 423,7 млрд теңге алды. Төлемдердің орташа сомасы 5,4 млн теңге. 45,3 млрд теңгеден астам сомаға тағы 8 636 өтініш төлемдерді жүзеге асыру үшін өңделуде. Заңнама талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты 40,6 мыңнан астам өтінім қабылданбады. Республика бойынша өтініштердің ең көп саны (19,8%) Алматы қаласында қабылданды. Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарынан шамамен 16,2% қабылданды. Үшінші белсенді өңір Маңғыстау облысы болып табылады, онда республика бойынша жалпы өтініш санының 15,4% қабылданды. Тұтастай алғанда, Қазақстанның өңірлері бойынша БЖЗҚ-дан тұрғын үй жағдайларын жақсартуға қаражат алу мынадай сипатқа ие:
Өңірлер | Қабылданған өтініштер | Бас тартылғандар | Өңдеуде | Орындалды | |||
бірл. | % | бірл. | бірл. | сомасы, млн тг | ед. | сомасы, млн тг | |
Ақмола облыстық филиалы | 2 471 | 1,94 | 847 | 134 | 349 | 1 490 | 4 135 |
Ақтөбе облыстық филиалы | 8035 | 6,31 | 2785 | 570 | 1887 | 4680 | 17317 |
Алматы облыстық филиалы | 2438 | 1,91 | 911 | 127 | 399 | 1400 | 4791 |
Атырау облыстық филиалы | 9257 | 7,27 | 2785 | 762 | 4973 | 5710 | 38426 |
Шығыс-Қазақстан облыстық филиалы | 4740 | 3,72 | 1569 | 348 | 927 | 2823 | 8295 |
Жамбыл облыстық филиалы | 1940 | 1,52 | 734 | 106 | 377 | 1100 | 4002 |
Батыс-Қазақстан облыстық филиалы | 5101 | 4,01 | 1591 | 331 | 1961 | 3179 | 19782 |
Қарағанды облыстық филиалы | 7172 | 5,63 | 2359 | 473 | 1590 | 4340 | 15327 |
Қостанай облыстық филиалы | 2860 | 2,25 | 950 | 194 | 491 | 1716 | 4742 |
Қызылорда облыстық филиалы | 2666 | 2,09 | 842 | 204 | 702 | 1620 | 6764 |
Маңғыстау облыстық филиалы | 19629 | 15,41 | 5264 | 1768 | 4904 | 12597 | 108447 |
Павлодар облыстық филиалы | 5005 | 3,93 | 1552 | 339 | 758 | 3144 | 9128 |
Жезқазған қ. өңірлік филиалы | 2637 | 2,07 | 813 | 253 | 1119 | 1571 | 7611 |
Семей қ. өңірлік филиалы | 1819 | 1,43 | 604 | 128 | 310 | 1087 | 2840 |
Солтүстік-Қазақстан облыстық филиалы | 1634 | 1,28 | 481 | 108 | 208 | 1045 | 2542 |
Түркістан облыстық филиалы | 124 | 0,10 | 56 | 14 | 81 | 54 | 220 |
Алматы қ. филиалы | 25180 | 19,77 | 7703 | 1399 | 7921 | 16078 | 96855 |
Нұр-Сұлтан қ. филиалы | 20592 | 16,17 | 6634 | 1205 | 5685 | 12753 | 65595 |
Шымкент қ. филиалы | 2856 | 2,24 | 996 | 173 | 687 | 1687 | 6842 |
Анықталмаған | 1201 | 0,94 | 1201 | - | - | ||
Барлығы | 127357 | 100 | 40647 | 8636 | 45329 | 78074 | 423662 |
Біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру туралы өзекті ақпарат enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер» бөліміне орналастырылған.