Азаматтарды қабылдау

Азаматтарды қабылдау

12 ақпан 2021 жылы аудан әкімі, «Nur Otan» партиясы Ырғыз аудандық филиалы төрағасы Әділкерей Әуелбаев партияның қоғамдық қабылдау бөлмесінде тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдады. Қабылдауда негізінен жұмысқа орналастыру және тұрғын үйден көмектесу мәселері көтерілді. Әр аудан тұрғынының өтініштерін мұқият тыңдаған филиал төрағасы өтініштердің заң аясында оң шешімін табу жолдарын қарастыруды тиісті мекеме басшыларына тапсырды. Қабылдауда болған тұрғындар арасында мәселесі оң шешімін тауып, аудан басшысына өз алғыстарын білдіріп, алдағы жұмысына сәттіліктер тілеген тұрғындар да болды. Әділкерей Сағидуллаұлы қабылдауда болған барлық тұрғындардың өтініштерін бақылауға алуды филиал төрағасының бірінші орынбасары Марат Тұрымовқа тапсырды.