Ырғызда әлеуметтік осал топтарға арналған 90 тұрғын үй салынуда

Ырғызда әлеуметтік осал топтарға арналған 90 тұрғын үй салынуда

Ырғыз ауданының орталығы - Ырғыз ауылында халықтың әлеуметтік осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету бағытында ауқымды құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Облыстық бюджеттің ішкі көздері есебінен берілетін кредит қаражаты шеңберінде 90 тұрғын үйдің құрылысы қолға алынған.

Қазіргі таңда тұрғын үйлердің құрылыс-монтаж жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес жүргізілуде. Құрылыс нысандарында жұмыстар кезең-кезеңімен атқарылып, тұрғын үйлерді сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауға басымдық берілуде.

90 тұрғын үйді ағымдағы жылдың желтоқсан айында пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Жаңа тұрғын үйлердің бой көтеруі - Ырғыз ауылындағы әлеуметтік осал санаттағы азаматтарды тұрғын үймен қамтуға және елді мекеннің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған маңызды қадам.