Құмтоғай, Қарасай және Қарақұдық елді мекендерінде халықпен кездесу өтті

Құмтоғай, Қарасай және Қарақұдық елді мекендерінде халықпен кездесу өтті

Бүгін Ырғыз ауданының әкімі Р.Өтешов Құмтоғай ауылдық округіне қарасты Құмтоғай, Қарасай және Қарақұдық елді мекендерінің тұрғындарымен есеп беру кездесуін өткізді.

Кездесуге Құмтоғай ауылдық округінің әкімі, ауыл тұрғындары және жауапты сала өкілдері қатысты.

Кездесу барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы баяндалды.

Тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, мал бағу, жайылымдық жерлерді тиімді пайдалану, елді мекендерді көгілдір отынмен қамту, ауылішілік инфрақұрылым және абаттандыру бағыттары бойынша ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Аудан әкімі тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, көтерілген мәселелерді шешу бойынша жауапты мекемелерге тиісті тапсырмалар берді.

Кездесу барысында айтылған ұсыныстар назарға алынып, олардың орындалуы бақылауға алынатын болады.