
Ырғыз ауданының әкімі Рүстем Өтешов аудандық мекемелер мен кәсіпорын басшыларымен алғашқы жұмыс кездесуін өткізді.
Кездесу барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму барысы, салаларда атқарылып жатқан жұмыстар және алдағы кезеңге арналған міндеттер талқыланды.
Аудан әкімі жұмыс бағыттарымен танысып, өзекті мәселелерге назар аударды.
Сонымен қатар, тұрғындардың өтініш-тілектеріне жедел әрі сапалы жауап беру, мемлекеттік және әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыру, сондай-ақ берілген тапсырмалардың уақытылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз ету жөнінде нақты міндеттер жүктеді.
Рүстем Баймырзаұлы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған жұмыстарды бірлесе атқарып, белгіленген міндеттердің нәтижелі орындалуы маңызды екенін атап өтті.