
Ырғыз ауданының елді мекендерін көгілдір отынмен қамту жалғасуда. Жақында Ырғыз ауданы Құйылыс ауылына жеткізуші және ауылішілік газ құбырының құрылысы басталды. Жобаның құны – 1,7 млрд теңге. Қазіргі уақытта құбырлар тасып жеткізіліп, Жарма ауылында орналасқан магистральды желіден Құйлыс бағытына қарай құбырларды төсеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстарға 12 адам, 4 арнаулы техника, 3 автокөлік тартылған. Мердігер ұйым – «Алия Сервис» ЖШС. Тапсырыс беруші - Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы. Құйылыс ауылына газ тарту жұмыстары 2026-2027 жылдарға жоспарланған.