
Аудан әкімдігінде аудан әкімі аппаратының басшысы А.Тұртаевтың төрағалығымен «Әскери қызметке шақырудан кейінге қалдыру» мемлекеттік қызметін көрсету мәселелері бойынша жұмыс жиыны өтті.
Жиынға Ырғыз аудандық қорғаныс істері бөлімі бастығының міндетін атқарушы С.Мырзағалиұлы аудандық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары И.Жолдасова, аудан әкімі аппаратының цифрландыру және қаржы-шаруашылық бөлімінің басшысы Н.Әділбек, сондай-ақ аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру, құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің басшысы А.Тұрмағанбетов қатысты.
Кездесу барысында «Әскери қызметке шақырудан кейінге қалдыру» мемлекеттік қызметін көрсетуді жетілдіру, қызметті уақтылы әрі сапалы ұйымдастыру мәселелері жан-жақты қаралды. Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсету процесінің тиімділігін арттыру және жауапты мекемелер арасындағы өзара іс-қимылды күшейту бағытындағы ұсыныстар талқыланды.
Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және азаматтарға қолайлы жағдай жасау – басты міндеттердің бірі.