Ырғыз ауылдық округінің Ырғыз, Ақши және Қалыбай ауылдарының тұрғындарымен кездесу өткізілді.

Ырғыз ауылдық округінің Ырғыз, Ақши және Қалыбай ауылдарының тұрғындарымен кездесу өткізілді.

2026 жылғы 18 маусымда аудан әкімі Н.Қызбергенов пен Ырғыз ауылдық округінің әкімі Н.Жұбаназаровтың Ырғыз ауылдық округіне қарасты Ырғыз, Ақши және Қалыбай ауылдарының тұрғындарымен кездесу өтті.

Кездесу барысында елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуы, тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар, инфрақұрылым мәселелері және ауылдардың өзекті түйткілдері талқыланды.
Тұрғындар тарапынан көтерілген ұсыныстар мен мәселелер тыңдалды.

Кездесу қорытындысында аудан әкімі тұрғындармен ашық диалог орнатып, көтерілген мәселелердің шешілу жолдары қарастырылатынын жеткізді.