
2026 жылдың 16 маусым күні аудан әкімі мен Қызылжар ауылдық округінің әкімі Құрылыс, Жаныс би және Шеңбертал ауылдарының тұрғындарымен есеп беру кездесуін өткізді.
Кездесу барысында аудан мен ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері сараланып, атқарылған жұмыстар мен алдағы кезеңге жоспарланған жобалар таныстырылды. Сонымен қатар тұрғындар тарапынан көтерілген өзекті мәселелер, ұсыныс-пікірлер тыңдалып, тиісті жауаптар берілді.
Ашық диалог форматында өткен кездесуде ауыл тұрғындарының талап-тілектері назарға алынып, бірқатар мәселелерді шешу жолдары талқыланды.