Аудан әкімі Тәуіп және Жайсаңбай ауылдық округі тұрғындарымен кездесті.

Аудан әкімі Тәуіп және Жайсаңбай ауылдық округі тұрғындарымен кездесті.

Бүгін аудан әкімі тұрғындармен есептік кездесу өткізу мақсатында Тәуіп және Жайсаңбай ауылдық округтеріне барып, ауыл халқының ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
Кездесу барысында ауылдық округтердің әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылуы, абаттандыру жұмыстары, көгілдір отын мәселесі, жол және басқа да өзекті мәселелер талқыланды.

Тұрғындар тарапынан көтерілген сұрақтар мен ұсыныстар назарға алынып, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді. Сонымен қатар, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар мен жоспарланған жобалар туралы ақпарат берілді.

Аудан әкімі тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстары әрдайым назарда болатынын атап өтіп, ауылдардың дамуына бағытталған жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасатынын жеткізді.