
Бүгін аудан әкімі мен Аманкөл ауылдық округінің әкімі округке қарасты елді мекен тұрғындарымен есеп беру кездесуін өткізді.
Кездесу барысында аудан мен ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық даму бағытында атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы кезеңге жоспарланған жобалар мен міндеттер таныстырылды. Сондай-ақ тұрғындар тарапынан көтерілген өзекті мәселелер, ұсыныстар мен пікірлер талқыланып, қойылған сұрақтарға тиісті түсіндірмелер берілді.
Кездесу ашық диалог форматында өтіп, тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, алдағы жұмыстарды жоспарлау барысында ескерілетіні атап өтілді.