
2026 жылдың 2 маусым күні аудан әкімі мен Құмтоғай ауылдық округінің әкімі Құмтоғай, Қарақұдық, Қарасай тұрғындарымен кезекті есеп беру кездесуін өткізді. Кездесу барысында аудан мен ауылдық округте атқарылған жұмыстар мен алдағы кезеңге жоспарланған міндеттер туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, өзекті мәселелер бойынша сұрақтарына жауаптар берілді.
Сондай-ақ, есеп беру кездесуінен кейін аудан әкімі мен аудан прокуроры тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, көтерілген мәселелерді тыңдап, заң аясында тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізді. орыс тілге аударып бер ресми сайтқа жариялау үшін