
Ырғыз аудандық құрылыс, сәулет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы лауазымына Түкібаев Талғатбек Еркінұлы 2026 жылдың 18 мамырынан бастап тағайындалды.
Т.Е.Түкібаев Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Құрылыс ауылында 1991 жылы 01 маусымында дүниеге келген. 2012 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Металлургия» мамандығы бойынша, 2021 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2012 жылы «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС жұмысшысы болып бастаған;
2014-2017 жылдары Әйтеке би ауданының Аралтоғай ауылдық округі әкімінің аппаратының бас маманы;
2017-2018 жылдары Әйтеке би ауданының Қызылжұлдыз ауылдық округі әкімінің аппаратының бас маманы;
2018-2025 жылдары Әйтеке би ауданының Сарат ауылдық округінің әкімі;
2025 жылдың ақпан-қараша айларында Әйтеке би ауданы әкімінің орынбасары;
2022 жылдың желтоқсанынан бастап Ақтөбе қаласы Алматы ауданы әкімі аппараты әкімшілік қаржы бөлімінің бас маманы қызметін атқарып келді.
Отбасылы, отбасында 2 баласы бар.