
31 наурыз күні аудан әкімі Н.Қызбергенов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға келген тұрғындар тұрғын үй, тұрақты жұмысқа орналасу, әлеуметтік көмек алу және өзге де тұрмыстық сипаттағы мәселелерін көтерді.
Қабылдау барысында аудан әкімі әрбір тұрғынның өтінішін мұқият тыңдап, заң талаптарына сәйкес түсіндірмелер берді. Сонымен қатар, айтылған мәселелерді тиімді әрі уақытылы шешу үшін тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеп, олардың орындалуы бақылауда болатынын жеткізді.
Кездесу нәтижесінде тұрғындардың ұсыныс-пікірлері назарға алынып, жауапты мекемелерге нақты жұмыстарды ұйымдастыру бойынша міндеттер қойылды.