«Таза Қазақстан» акциясы аясында ауданда сенбілік жұмыстары басталды

«Таза Қазақстан» акциясы аясында ауданда  сенбілік жұмыстары басталды

Бүгін аудан аумағында екі айлық сенбілік жұмыстары басталды. Аталған шараға мекеме қызметкерлері мен аудан тұрғындары белсенді түрде қатысып, елді мекен аумағында кең көлемді тазалық жұмыстары жүргізілді. Көшелер мен қоғамдық орындар тазартылып, абаттандыру жұмыстарына ерекше көңіл бөлінді.
Сонымен қатар, тұрғындар арасында тазалық мәдениетін қалыптастыру және қоршаған ортаны қорғау мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, арнайы жадынамалар таратылды. Әрбір тұрғынды өз ауласы мен айналасын таза ұстауға шақыру жұмыстары да қатар жүргізілді.
Мұндай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын тауып, ауданымыздың көркеюіне өз үлесін қосады деп сенеміз.