
Аудан әкімі төрағалығымен екі айлық тазалық сенбілігін ұйымдастыру мәселесі бойынша жиналыс өтті.
Жиынға мекеме-кәсіпорын басшылары мен ауылдық округ әкімдері қатысып, тазалық жұмыстарын жүргізу тәртібі талқыланды. Әрбір мекемеге тиесілі аумақтар бекітіліп, нақты тапсырмалар берілді.