Орталық пен Батысты жалғайтын жаңа дәліз: Ақтөбеде ауқымды құрылыс басталады

Орталық пен Батысты жалғайтын жаңа дәліз: Ақтөбеде ауқымды құрылыс басталады

Облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткенаппарат мәжілісінде 2026 жылға арналған өңірдің автомобильсаласын дамыту мәселесі қаралды.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Айбек Қайырдың мәліметіншеөңірдегі автожолдардың 90%-ы жақсыжәне қанағаттанарлық жағдайдаОблыстағы республикалық маңызы бар автожолдардың жалпы ұзындығы 1 875 шақырымды құрайды.

Биыл ұзындығы 28 шақырымдық «Ақтөбе – Қарабұтақ– Ұлғайсын» автожолын реконструкциялау жұмыстары жалғасадыАталған жолдың қалған 234 шақырым бөлігінің құрылысы басталмақҚазіргі уақытта конкурс рәсімдері жүргізілуде.

«2026 жылы «Орталық – Батыс» жобасын «Астана – Ырғыз»  учаскесінде іске асыруды бастаймызДәліздің жалпы ұзындығы 896 шақырым. Ақтөбе облысы аумағында 141 шақырым жол 154,2 млрд теңгеге реконструкцияланадыБұл жаңа көлік дәлізі Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес орталық және батыс өңірлер арасында тұрақты әрі қауіпсіз байланысты қамтамасыз ету үшін салынуда», – деді Айбек Қайыр.

Сонымен қатар ұзындығы 559 шақырымдық «Бейнеу – Сексеуіл» автожолының құрылысы басталадыОның 245 шақырымы облыс аумағында салыныпжөнделедіБұдан бөлекұзындығы 206 км құрайтын «Шалқар – Бозой» автожолын салу және жөндеу жоспарланып отыр.

«Қандыағаш – Ембі – Шалқар – Ырғыз» автожолындағы Жем өзені арқылы өтетін көпір және Қауылжыр ауылы маңының 219-шақырымындағы көпірретке келтіріледі.

Қазақстан мен Ресей шекарасындағы «Әлімбет» өткізу пунктін реконструкциялау жалғасудаОнда жаңа әкімшілік ғимаратинспекциялық-тексеру кешені және басқа да нысандар бой көтереді.

Жоспарланған шаралар жол инфрақұрылымының жағдайын жақсартуға және өңірдегі көлік қатынасының сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Өңір басшысы Асхат Шахаров жол жұмыстарының сапасы мен уақытылы орындалуын қатаң бақылаудықұрылыс материалдарыныңсоның ішінде битумның тұрақты жеткізілуін қамтамасыз етудісондай-ақжолдарды диагностикалау мен паспортизациялауды жүргізіпавтожолдардың жай-күйін есепке алу мен бақылаудың цифрлық жүйесін енгізуді тапсырды.

«Ақтөбе облысының жол саласы қарқынды дамып келедіреспубликалық маңызы бар негізгі трассаларсалыныпқайта жаңғыртылудаБұл өңірлер арасындағы тұрақты көлік байланысын қалыптастырыпқозғалыс қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік бередіБіз барлық жолдың заманау истандарттарға сай әрі жүргізушілер мен жолаушыларға қолайлы болуына ұмтыламыз», – деді әкім.