«Отбасы банк» АҚ мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларын іске асыру аясында тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алуды қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асырады.
2026 жылғы 2 наурыздан бастап кезекте тұрған азаматтарды міндетті түгендеу рәсімі енгізіледі және көрсетілген күннен бастап «Отбасы банк» АҚ тұрғын үйді бөлуді тек түгендеуден өткеннен кейін ғана жүзеге асырады, өйткені түгендеу тұрғын үйді бөлудің алдындағы бірінші және міндетті кезең болып айқындалады.
Тұрғын үй алу кезегінде тұрған және түгендеуден өтпеген азаматтар кезектен шығарылмайды. Алайда түгендеуден өткенге дейін олар есепке қойылған күніне қарамастан, тұрғын үйді бөлуге қатыса алмайды.
Атап айтқанда, Банк:
- жалға берілетін тұрғын үйді бөле алмайды;
-тұрғын үй сатып алу үшін 2% және 5% мөлшерлемемен жеңілдетілген заем бере алмайды - түгендеу арқылы белгіленген талаптарға сәйкестігі расталғанға дейін.
Азаматтарды дұрыс есепке алу және тұрғын үйді кейіннен бөлу мақсатында үміткерлер жеке деректерді жинауға және өңдеуге келісім беруі қажет. Келісім https://orken.otbasybank.kz порталында жеке электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы ресімделеді. Аталған рәсім үміткерлердің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін онлайн режимде тексеру үшін қажет.