ТАҒАЙЫНДАУ

ТАҒАЙЫНДАУ

Ырғыз аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы лауазымына Қожамбердиев Кенжебек Қуандықұлы 2026 жылдың 19 ақпанынан бастап тағайындалды.

К.Қ.Қожамбердиев  Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Құтикөл ауылында 1991 жылы 20 қаңтарында туылған. 2012 жылы Ә.Молдағұлова атындағы Ақтөбе гуманитарлық колледжінің «Саздық білім беру» мамандығын, 2019 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Мәдени тынығу жұмысы» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2012 жылы «Арай» мәдениет үйі МКҚК-ның «Жанұялық ансамблдің көркемдік жетекшісі»болып бастаған;
2020 жылдың 01 тамызы 06 қыркүйек аралығында «Аудандық білім бөлімі» ММ-нің әдіскері;

2020-2022 жылдары «Арай» мәдениет үйі МКҚК-ның «Музыка сүйемелдеуші»;

11.10.2022-30.11.2022 жылдары Ырғыз ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру, құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау, құқық қорғау ұйымдарымен жұмыс бөлімінің жетекші маманы;

01.12.2022 жылдан бастап аудан әкімінің көмекшісі.

Отбасылы, отбасында 5 баласы бар.