Тағайындау

Тағайындау

Ырғыз ауданы әкімінің орынбасары лауазымына Бекеев Нұрберген Базарбайұлы 2026 жылдың 16 ақпанынан бастап тағайындалды.

Н.Б.Бекеев Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Қараой ауылында 1990 жылы 15 маусымда туылған. 2013 жылы Қ.Жұбанов атындағы  Ақтөбе мемлекеттік университетінің, «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандығы бойынша, 2019 жылы Байшев атындағы университетті «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша, 2024 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясын бітірген.

Еңбек жолын 2014 жылы Ақтөбе облысы Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасының штаттан тыс қызметкер-программисті болып бастаған.
2016-2019 жылдары облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің инспекторы, жетекші маманы, бас маманы.

2019-2020 жылдары облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының энергетика және коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы, кейін бөлім басшысы.
2020-2021 жылдары облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының су ресурстары және сумен жабдықтау бөлімінің басшысы.

2021-2024 жылдары облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының энергетика және коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы кейін отын-энергетика кешені және коммуналдық сала бөлімінің басшысы.

30 желтоқсан 2024 жылдан бастап Ырғыз аудандық құрылыс, сәулет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы болып жұмыс жасап келеді.

Отбасылы, отбасында 3 баласы бар.