
6 ақпан күні мемлекеттік қызмет істері агенттігі Ақтөбе облысы бойынша Департамент басшысы А. Шілманов Ырғыз ауданына іссапармен барып, аудан активімен кездесті.
Кездесуде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңның жаңашылдықтары, мемлекеттік қызметшілердің мәдениеті, әдеп нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік атмосферасын қалыптастыру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Әсіресе Департамент басшысы «Адал азамат» принциптері негізінде мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыру мәселелеріне тоқталды.
Кездесуге аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, мемлекеттік қызмет ардагері М. Дуанбеков қатысып, мемлекеттік қызметшілерге өзінің тәжірибесімен бөлісті.
Бұдан бөлек іссапар барысында А. Шілманов жеке сұрақтар бойынша азаматтарды қабылдады.