Жаңа кәсіпкерлік нысан ашылды

Жаңа кәсіпкерлік нысан ашылды

Халықаралық "Самара-Шымкент" тас жолы бойынан «YRGYZ» кемпинг ғимараты ашылды. Заманауи талаптарға сай салынған ғимараттың иесі, "Наурыз-СИМ" жауапкершілігі шектеулі серіктестік құрылтайшысы - Сәрсенбаев Марлен Ибрагимұлы. Айтулы нысанның құрылысы 2025 жылы басталып, биыл қолданысқа берілді. Ғимараттың ішкі көрінісі ерекше стилде жасақталып, көз тартады. Кемпинг қазіргі уақытта 70 орынды қонақүй, 100 орынды мейрамхана, монша, автотұрақ сынды тағы бірқатар қызмет түрлері қарастырылған. Қызмет көрсету кешенінде әзірге 10 адам жұмыспен қамтылған. Жолаушылар үшін жеке санитарлық тораптары бар заманауи нөмірлер, Wi-Fi, душ және спутниктік теледидар т.б барлығы дерлік қолжетімді. Жолда күш жинап, жайлы демалу үшін таптырмас орын. Күре жолдың бойындағы жолаушылар, көлік жүргізушілер де, ауыл тұрғындары да әмбебап кешеннің қызметін алаңсыз пайдаланатын болды.