ТАҒАЙЫНДАУ

ТАҒАЙЫНДАУ

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы лауазымына Байтақов Ғалымбек Қалмағанбетұлы 2026 жылдың 19 қаңтарынан бастап тағайындалды.

Ғ.Қ.Байтақов Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Құйлыс селосында 1980 жылы 2 шілдеде туылған. 1996 жылы Құйлыс орта мектебін бітірген. 2004 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінде «құжаттану» мамандығы, 2025 жылы Қызылорда ашық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1997-1999 жылдары «Тәуіп өндірістік» кооперативінде мехнизатор болып бастаған.

2004-2008 жылдары Тәуіп селолық округі әкімі аппаратында жетекші маман;

2008-2012 жыллдары аралығында Жайсаңбай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман;

2012-2017 жылдары Жайсаңбай ауылдық округінің әкімі, 2017 жылдың тамыз-қыркүйек айларында Ырғыз ауданы әкімі аппараттының персоналды бірыңғай басқару қызметі (кадр бөлімі) бөлімінің бас маманы;

2017-2019 жылдары Ырғыз аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы болған;

2019-2024 жылдары Ырғыз ауданы әкімі аппараттының персоналды бірыңғай басқару қызметі (кадр бөлімі) бөлімінің бас маманы;

14.10.2024 жылдан бастап Ырғыз ауданы әкімі аппараттының персоналды бірыңғай басқару қызметі (кадр бөлімі) бөлімінің басшысы болып жұмыс жасап келеді.

Отбасылы, отбасында 2 баласы бар.