Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті

Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті

Бүгін 18 желтоқсан күні аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті. Күн тәртібінде аудандық мәслихат төрағасының есебі тыңдалып, ауданның 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті бекітілді. Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерватының атқарып жатқан жұмыстары қаралды. Сондай-ақ аудандық жастар кеңесі құрамы жаңадан қалыптастырылып, аудандық мәслихаттың 2026 жылға жоспары бекітілді. Сессия соңында депутаттар тарапынан тиісті мекемелерге депутаттық сауалдар жолданды.