Тағайындау

Тағайындау

Ырғыз ауданы әкімінің 2025 жылғы 8 желтоқсандағы №399-ө өкімімен Ырғыз аудандық жер қатынастар бөлімінің басшысы қызметіне Баймұханов Абат Қуантқанұлы тағайындалды.

Баймұханов Абат Қуантқанұлы 1981 жылы 15 мамырда Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Ырғыз ауылында дүниеге келген. 2003 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылы "Мәулен"шаруа қожалығында қаржы шаруашылығының қызметкері болып бастаған.

2005-2006 жылдары Ырғыз аудандық мәслихатында жетекші маман.

2006-2009 жылдары Ырғыз аудандық мәслихатының бас маманы.

2009-2012 жылдары Ырғыз ауданы әділет басқармасының бас маманы, Ырғыз ауданы прокуратурасының жетекші маманы, Ырғыз ауданы прокуратурасының іс жүргізушісі, Жайсанбай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы

2012-2014 жылдары Ырғыз аудандық мәслихатының жетекші маманы, кейін бөлім басшысы. 2014-2020 жылдары Ырғыз ауданы Аманкөл ауылдық округінің әкімі

2020-2022 жылдары "Ырғыз-Торғай "мемлекеттік табиғи резерватының заңгері, бас маманы

2022-2025 жылдары "AMANAT"партиясы Ырғыз аудандық филиалының атқарушы хатшысы

2025 жылдың сәуір айынан бастап Ырғыз аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маманы.

Жұбайы, 5 баласы бар.