Ырғыз ауылдық округі тұрғындарымен кездесу

Ырғыз ауылдық округі тұрғындарымен кездесу

05 желтоқсан күні аудан басшысы Н.Қызбергеновтің және Ырғыз ауылдық округінің әкімі Н.Жұбаназаровтың Ырғыз ауылдық округінің Қалыбай, Ақши және Ырғыз ауылының тұрғындарымен кездесуі өткізілді. Алдымен Ырғыз ауылдық округінің әкімі Н.Жұбаназаров ағымдағы атқарылған жұмыстары туралы баяндама тыңдалды. Одан кейін аудан басшысы сөз алып, ауданның әлеуметтік - экономикалық дамуының өзекті мәселелері және міндеттерімен бөлісті. Мәселен, ауыз су, аудандағы құрылысын жұмыстары, ауылішілік жолдардың жөндеу жұмыстары т.б өзекті мәселелер көтерілді. Аудан басшысы көтерілген мәселелердің шешілу жолдарын түсіндіре отырып, заңдылықтар аясында шешуді жауапты сала басшыларына тапсырып, шешілу мүмкіндіктерін тапсырды.